ВКО-да полицейлер 4 жастағы қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізу үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырды 🚔

Өткен түні ВКО ПД патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмек қажет болған баланы жедел алып жүру бойынша операция жүргізді.
Оқиға Бухтарма су қоймасы жағалауында болған. Қызмет атқарып жүрген ВКО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Ринат Костубаевқа алаңдаған әйел көмек сұрап жүгінген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 4 жастағы қыздың денсаулығына елеулі қауіп төнген. Жағдай баланы медициналық мекемеге дереу жеткізуді талап еткен.
Жағдайды бағалағаннан кейін Костубаев көліктердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін экипаждардың жұмысын жедел ұйымдастырды.
Көмекке жедел қосылған облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары — аға лейтенанттар Данияр Нурсалинов пен Мадияр Ержанов — анасы мен баланы қызметтік автокөлікке отырғызған.
Арнайы дабыл белгілерін қосып, «жасыл дәліз» ұйымдастырған тәртіп сақшылары қызды көлік ағыны арқылы қысқа мерзімде ана мен бала орталығының есігіне дейін жеткізді.
Үйлесімді әрекет пен нақты үйлестірудің арқасында бала дер кезінде дәрігерлердің қолына тапсырылды.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


