ШҚО-да полицейлер 4 жасар баланы ауруханаға шұғыл жеткізді

🚔 Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмек қажет болған 4 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізді.
Оқиға өткен түнде Бұқтырма су қоймасының жағалауында болған. Қызметте жүрген ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Ринат Қостубаевқа бір әйел көмек сұрап жүгінген. Әйелдің айтуынша, оның 4 жасар қызының жағдайы нашарлап, денсаулығына қауіп төнген.
Уақыт жоғалтпай әрекет еткен капитан Қостубаев жақын маңдағы экипаждардың жұмысын дереу үйлестірген. Көп ұзамай көмекке облыстық батальон инспекторлары — полиция аға лейтенанттары Данияр Нұрсалинов пен Мадияр Ержанов жеткен.
Тәртіп сақшылары анасы мен баласын патрульдік автокөлікке отырғызып, бірден жолға шыққан. Полицейлер арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосып, баланы Ана мен бала орталығына қысқа уақыт ішінде жеткізген.
Көлік кептелісіне қарамастан, нақты іс-қимылдың арқасында бүлдіршін дәрігерлерге дер кезінде тапсырылған.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


