ШҚО-да полицейлер инсульт белгілері бар 38 жастағы азаматты шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді

🚔 ШҚО-да полицейлер инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді
Өскемен – Риддер тасжолының 90-шақырымында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция батальонының экипажы — полиция аға лейтенанттары Азамат Олегұлы мен Шаяхметов Әлішер жол жиегіне тоқтаған автокөлікті байқаған. Көлік жүргізушісі салонда 38 жастағы азаматтың жағдайы нашарлағанын айтып, полицейлерден көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары науқасты дереу қалаға дейін ертіп бару туралы шешім қабылдаған. Алайда жол жүру барысында науқас отырған көлік бұзылып, істен шығып қалған.
Полицейлер бұл туралы ақпаратты дереу жақын маңдағы келесі нарядқа — құрамында полиция аға лейтенанттары Асылбек Базылбеков пен Әлішер Ачилов бар ПА-466 экипажына хабарлады.
Оқиға орнына жеткен екінші экипаж науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, барынша жылдам әрі қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ете отырып, медициналық мекемеге жеткізді.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
🚔 Санаулы минуттар шешуші болды: полицейлер инсульт белгілері бар ер адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді
Өскемен – Риддер автожолының 90-шақырымында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция батальонының экипажы — полиция аға лейтенанттары Азамат Олегұлы мен Әлішер Шаяхметов — жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Жүргізуші 38 жастағы жолаушының жағдайы күрт нашарлағанын, инсульт белгілері болуы мүмкін екенін айтып, көмек сұраған.
Полицейлер автокөлікті қалаға дейін шұғыл түрде алып жүру туралы шешім қабылдаған. Алайда жолда көлік бұзылып, қозғалысын жалғастыра алмаған.
Қызметкерлер ақпаратты жақын маңдағы нарядқа — полиция аға лейтенанттары Асылбек Базылбеков пен Әлішер Ачилов қызмет ететін ПА-466 экипажына жедел жеткізген.
Оқиға орнына келген екінші экипаж науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, барынша жылдам әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ете отырып, оны медициналық мекемеге жеткізді.
#НАШАПОЛИЦИЯ


