Шығыс Қазақстанда қоқыс полигондары шегіне жетті: жаңа алаң табу қиын, билік өңдеу технологиясын таңдауға кірісті

Шығыс Қазақстан облысында қоқыс полигондары шегіне жетіп, пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткеніне қарамастан, оларды жабу мүмкін болмай отыр. Себебі балама нұсқа жоқ. Жаңа алаңдар жылдар бойы ізделгенімен, нәтиже шықпағаны айтылады.
Мысалы, Өскеменде полигон толып кеткен. Оны кемінде 5 жыл бұрын жабу керек болған, алайда қоқыс шығаруды тоқтату қалдықтың қала ішінде қалуына әкелетіндіктен, экологиялық рұқсат мерзімі ұзартылып келеді.
Жаңа орын табу — күрделі міндет. Бұл мәселені 10 жылдан астам уақыт бойы шешуге тырысқанымен, әр жолы тұйыққа тіреледі: бірде әуежай жақын, бірде су көздері кедергі болады.
Облыс орталығында бос жер жоқ, ал маңайдағы аудандар қалалық қалдықтарды өз аумағында жинақтауға асықпайды. Осыған байланысты билік басқа жол іздеуге мәжбүр.
Өскемен қаласы ТКШ бөлімінің басшысының орынбасары Рашид Шерубаевтың айтуынша, қазір өңдеу технологиясы таңдалып жатыр:
"Сейчас выбирается технология по переработке. И от этого мы дальше оттолкнёмся – какая территория нам понадобится для строительства завода, а также для самого полигона".
Сюжетте айтылғандай, аудандардағы жағдай да оңай емес. Алтай қаласында да полигонға жаңа учаске табылмаған: жер бар болғанымен, өзендер мен жылғалар тым көп. Экологиялық талап бойынша қоқыстың су айдындарымен көршілес орналасуына қатаң тыйым салынған.
Алтайдағы жергілікті қоқыс орны 70 жыл бойы пайдаланылып келеді. Мәселе тек жасында емес, талаптарға сай келмеуінде: қалдықтар ретсіз төгілген, соның салдарынан қазір өртеніп жатыр. Өртті сөндіру барған сайын қиындап келеді. Мысалы, тамыздағы өртті желтоқсанға дейін сөндіргені еске алынады.
Алтай әкімі Сергей Охременко өртті сумен сөндіру нәтиже бермегенін айтып, кейін аудандық қазандықтан шыққан күл-қож қалдықтарымен көму туралы шешім қабылданғанын жеткізді:
"И пролив воды ничего не дал, хотя достаточно большой объём воды здесь, в том числе подвоз воды был организован. Соответственно, тогда только приняли решение засыпать отходами золошлаков из нашей районной котельной. Но и никто сейчас не может дать гарантии, что он опять же в тёплое время года не загорится снова".
Өрттің негізгі ошағы қоқыстың шамамен 10 метр тереңдігінде болғандықтан, оған жету мүмкін емес. Сол себепті от әр жерден қайта-қайта шығып тұрады. Жағдайды тұрғындардың өзі де ушықтыратынын қоқыс таситын көлік жүргізушісі Александр Апрельский айтты.
"Он уже давно горит, больше 10 лет назад, ещё до нас горело. Люди золу горячую в баки сыплют. Даже в городе баки горели. Когда подъезжаешь, бак горит. Машина даже горела у нас в гараже. Работа тяжёлая, но привыкли уже, возим, убираем".
Тұрғындар түтін мен иіске шағымданады. Сюжетте экологтар әкімдікке айыппұл салғаны да нақтыланады. Билік болса қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтып, осы жазда ескі полигонды рекультивациялауды бастап, жаңасының аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бұл — мәселені шешудің жалғыз жолы ретінде көрсетіледі.


