ТЖМ құтқарушылары «Қорғалжын – Баршын» автожолында қалған 4 адамды эвакуациялады

🚨 ТЖМ құтқарушылары 4 адамды эвакуациялады

☎️ Бүгін 112 пультіне «Қорғалжын – Баршын» облыстық маңызы бар автожолында, Үшсарт ауылының маңында жеңіл автокөліктің техникалық ақауына байланысты құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті.
Көлікте 4 адам, оның ішінде 3 бала болған. Оларға эвакуация қажет болды.
⛑️ Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамдарды Қорғалжын ауылында орналасқан жақын жердегі жылыту пунктіне эвакуациялады.
Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


