Әлеуметтік желідегі талқылау: жолаушы екі багаждың салмағын бір чемоданға біріктіруге неге болмайтынын сұрады

Әлеуметтік желілерде багаж тасымалдау ережелері қызу талқыланды. Бұған қазақстандық жолаушының Air Astana талаптарына қатысты шағымы себеп болды: оның айтуынша, екі багаж орны болғанына қарамастан, жалпы салмақ нормадан аспаса да, заттарын қайта бөліп салуды талап еткен.
Жолаушының жазуынша, оның екі жүгінің жалпы салмағы 44–45 килограмм болған: бір чемодан — 31 килограмм, екіншісі — 13 килограмм. Ол мұндай жағдайда салмақты біріктіруге неге болмайтынын сұрап, логиканы түсіндіріп беруді талап еткен.
Ол заттарды екі чемоданға бөлуін бірінде ет, екіншісінде киім болғанымен түсіндірді.
Air Astana не дейді
Air Astana өкілдері авиакомпания ережесіне сәйкес тегін багаж нормасы әр багаж орнына жеке белгіленетінін және жолаушының багаждары арасында қосылмайтынын айтты.
Компанияның баспасөз қызметі: егер бір чемодан белгіленген салмақтан асып кетсе, екінші багаж нормадан жеңіл болса да, артық салмақ үшін төлем алынады. Себебі 23 килограмнан 32 килограмға дейінгі багаж «сверхнормативті» болып есептеледі.
Пікірлерде кейбір қолданушылар белгіленген салмақтың жүк тасушылар мен әуежай қызметкерлері нормадан ауыр жүкті көтермеуі үшін қажет екенін де атап өтті.
Багажға қойылатын талаптар
Тіркелетін багаждың өлшемі периметрі бойынша 158 сантиметрден, ал салмағы 23 килограмнан аспауы тиіс. Қол жүгінің салмағы 8 килограмнан, өлшемі 56х45х25 сантиметрден аспауы керек. Қосымша багажды қосымша ақыға сатып алуға болады.
Ұқсас жағдайлар
Бұған дейін блогер де ұқсас жағдайды айтқан: ол стандартты багажбен екі билет сатып алған, яғни 23 килограмнан екі жүк. Алайда тіркеу кезінде оған 2 килограмм артық салмақ үшін 10 мың теңге төлеу керектігі айтылған. Кейін компания бұл қате екенін және бір адамның атына екі билетті тіркеу «қайтарымды жағдай» саналатынын хабарлаған.
Багаж үшін артық төлем мәселесін депутаттар да көтерген: оларға азаматтардан шағымдар түскен. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы (оның екеуі бала) сапарға шыққанда, багаж салмағын неге ортақ жүк ретінде біріктіруге болмайтыны туралы сұрақ туындайтыны айтылған. Сол кезде прокуратура бұзушылықты мойындағанымен, Азаматтық авиация комитеті бұл құқық тасымалдаушының өзінде қалатынын түсіндірген.


