Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, жұмыстар Бостандық ауданында — Ходжанова көшесінен Дунаевский көшесіне дейінгі аралықта өтеді.
Жол жұмыстары 2026 жылғы 26 наурыздан 5 сәуірге дейін жүргізіледі.

Асфальт жылу желілерін қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін төселеді. Жұмысты мердігер "НКО" ЖШС кепілдік міндеттемелер аясында орындайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, ықтимал қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.
Бұған дейін Алматыда жүргізушілерге Назарбаев даңғылындағы жөндеу жұмыстары туралы ескертілгені хабарланған.
Сондай-ақ: Алматыда құбырларды жөндегеннен кейін асфальт опырылды: әкімдік не деді.


