Атырауда Томарлы ауылындағы екі қабатты дүкенде өрт шықты

Атырау қаласы Томарлы ауылында жалпы ауданы 240 шаршы метр болатын екі қабатты дүкендердің бірінде өрт шықты. 🔥

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде келді. 🚒 Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың қалған бөліктеріне таралуына жол берілмеді.
Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. ✅
Өрт салдарынан ғимараттың шатыры мен ішкі қаптамасы 120 шаршы метр аумақта зақымданды. 🔍 Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


