Threads желісіндегі алаяқтық: Астанада жалған ақпарат таратты деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды

🔸 Threads-тегі алаяқ: қазақстандықтар әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалған
Астанада 23 жастағы қала тұрғыны алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен ұсталды.
Мәліметке сәйкес, Threads әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттан бір пайдаланушы әскери қызметін өтеу кезінде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазір қудалаудан қауіптенетінін жазған. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, содан бері басынан өткен «қорқынышты оқиғаны» ұмыта алмай жүргенін айтқан.
Пост авторы өзін командир қорқытып, сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрледі деп мәлімдеген.
🎥 Видео | YouTube
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


