ШҚО-да паводок қаупі бар аумақтарға әуеден барлау жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелердегі қазіргі жағдайды бағалау мақсатында Үлкен-Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтарына әуеден шолу жүргізілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша өңір аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатқаны анықталды. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жамылғысы іс жүзінде жоқ, ал қардың негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған.
Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Мәліметке сәйкес, төтенше жағдайдың туындау қаупі жоқ.
Сонымен қатар, Қандысу су қоймасы да қаралды. Қазіргі уақытта нысан транзиттік режимде жұмыс істеп тұр, су жинақтау жүргізілмейді.
«Жалпы тексерілген аудандар бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, гидробекеттердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Өзен арналарынан су тасып шығу фактілері тіркелген жоқ», — деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе


