Петропавл тұрғындары Пёстрое көліндегі балықтардың жаппай қырылуына алаңдаулы

Петропавл тұрғындары қала аумағында орналасқан Пёстрое көліндегі балықтардың жаппай қырылуына байланысты алаңдаушылық танытып отыр. Бұл су айдыны облыс орталығының ішінде орналасқан және қаладағы жалғыз жағажаймен жабдықталған.
Демалушылар көл жағасындағы "Северная звезда" саябағында серуендеуге келген кезде су бетіндегі өлі балықтарды байқаған. Қырылған балықтар мұзға қатып қалған, ал кей жерлерде тұтас шоғыр болып су айдынының жиегіне жиналған.
Оқиға жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатты, өйткені Пёстрое — көпшілік жиі демалатын орын. Тұрғындар көл суының тазалығына қатысты қауіптенеді. Оларды көл маңындағы жүктемесі жоғары автомагистраль және жағалауда жаңа триатлон-парктің құрылысы жүріп жатқаны да мазалайды.
Мамандар жағдайды анықтауға уәде берді: оқиға орнына жұмыс тобы барып, қажетті талдаулар алынған. Материалда балықтардың қырылуы олардың мұндай ортада өмір сүруге бейімделмеуімен байланысты болуы мүмкін екені де айтылған. Қырылған балық түрлері бұған дейін Пёстрое көлінде кездеспеген. Оларды екі жыл бұрынғы рекордтық су тасқынынан кейін байқай бастаған: сол кезде көл Есіл өзенімен тасқын сулары арқылы қосылып, өзен балықтары көлге түскен.
Есіл өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы Ильдар Какимов қырылған балықтардың түрлері туралы және ықтимал себептерді түсіндірді:
"Виды рыб — щука и плотва, данные виды рыб в озере не обитали. Предположительно, гибель у нас произошла в отдельных участках, лёд промёрз до дна. И второе — может быть, нехватка кислорода. Для этих видов рыб должны быть более глубокие водоемы и более высокий кислородный режим",
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Жаңғалы ауданындағы Сарыайдын көлінде де балықтардың жаппай қырылуы болғаны еске салынды. Мамандар ол жағдай бойынша алдын ала себепті атаған.


