Петропавл мен Заречныйда ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр

Петропавл қаласы мен Заречный кентінде ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы ықтимал су тасқынына дайындық бойынша қарсы жұмыстар жүргізіп жатыр 🚧. Негізгі назар аумақтарды су басудан қорғау үшін қаптаманы инертті материалмен толтыруға аударылған.
Жұмыстарға 47 әскери қызметші және 3 бірлік техника тартылған. Іс-шаралар гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қою үшін күшейтілген режимде атқарылуда.
Су тасқынына қарсы жұмыстар басталғалы 6000 қап дайындалып, 8000 текше метр қар тазартылды. Жүргізіліп жатқан шаралар су басу қаупін азайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...






