Алматыда электромобильдер тұрған СТО-да ірі өрт бір сағат ішінде сөндірілді

Алматыда жоғары дәрежелі шақырту бойынша сөндірілген ірі өртке қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) қосымша мәлімет берді.
Ведомствоның мәліметінше, өрт электромобильдер орналасқан СТО аумағында шыққан. Өрт бір сағат ішінде толықтай жойылды.
ТЖМ хабарлауынша, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 9 автокөлік құтқарылып, оттың жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматының Нұр-Алатау шағынауданында Болтирикова көшесінде ірі өрт болғаны хабарланған еді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


