Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту туралы мәлімдемесін құптады

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев** Иран Президенті **Масуд Пезешкианның** мәлімдемесін құптады. Онда Пезешкиан **Уақытша басшылық кеңестің** көрші елдерге шабуыл жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі — баспасөз хатшысы **Айбек Смадияров** мәлімдеді.
«Қазақстан Президенті бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті жұмсартуға бағытталған маңызды шара деп санайды», — деп жазды ол.
Не болды
Ирандық БАҚ Иран Президенті **Масуд Пезешкианның** мәлімдемесін жариялады. Онда Иран **егер олардың аумағынан соққы жасалмаса**, көрші елдерге шабуыл жасамайтыны айтылған.
Пезешкианның сөзінше, мұндай шешімді Иранның **уақытша басшылық кеңесі** қабылдаған. Сонымен қатар ол: **«жаудың капитуляция туралы армандары ешқашан орындалмайды»** деп қосты.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


