Елорда құтқарушылары Есіл өзеніндегі мұз ойығына түскен итті құтқарды

Елордада құтқарушылар Есіл өзеніндегі мұз ойығына түсіп, мұзды суда қалып қойған итті құтқару операциясын жүргізді.

Бүгін таңертең 112 пультіне Сарайшық көшесі маңында, Арқар көпіріне жақын жерде Есіл өзенінде иттің мұз ойығына түсіп, мұзды суда қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аэрoқайықпен жедел жетті. Бұл техника мұз бен су жағдайында жұмыс істеуге арналған. Оның жоғары өтімділігі мен маневрлігінің арқасында құтқарушылар тез жетіп, құтқару жұмыстарына кірісті.
Арнайы құрал-жабдықтар мен сақтандыру арқанының көмегімен құтқарушылар жануарды мұзды судан шығарып, жағаға жеткізді.
☀️ Біз үшін әрбір өмір маңызды!
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


