Қазақстан футболындағы жаңа дау: 4-турда төрешілердің даулы шешімдері екі матчтың нәтижесіне әсер етті

Қазақстан футболында жаңа дау туындады: чемпионаттың 4-турындағы бірден екі матчта төрешілердің түсініксіз шешімдері ойын қорытындысына әсер еткені атап өтілді.

«Ордабасы» – «Атырау» матчында қонақтар есепті бірінші болып ашып, екінші таймның соңында тағы бір гол соқты. Есеп 0:2 болған сәтте ойын тағдыры шешілгендей көрінгенімен, төреші Санжар Ыскаков ВАР ассистенттерімен бірге шамамен 10 минут бойы қайталауларды қарап, «мұнайшылар» ереже бұзды деген қорытындыға келіп, голды есептемеді. Кездесудің ең соңында арбитр «Атырау» қақпасына пенальти белгіледі. Нәтижесінде матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
«Ертіс» – «Алтай» ойынында төреші Болат Сариев алдымен павлодарлықтардың қақпасына 11 метрлік соққы тағайындап, кейін әріптестерімен кеңескен соң бұл шешімін өзгертті. Бұл кездесудің трансляциясы қайталаусыз өткен: техникалық мәселелер болғаны айтылды. Осыған байланысты, көрермендерге эпизод көрсетілмесе, оны видеоассистенттер көрді ме деген сұрақ туындайды. «Ертіс» бұл матчта минимал есеппен жеңіске жетті.
Осы жағдайлардан кейін төрешілер әрекеті кездейсоқ па, әлде белгілі бір үрдістің көрінісі ме деген мәселе көтерілді. Сондай-ақ біреулерді жүлдегерлер қатарына «тартып», ал біреулерді бірінші лигаға жіберуге тырысу бар ма деген күдік те айтылды.


