Алматы тауларында 19 жастағы қыз құлап, ауыр бас жарақатын алды

Алматы тауларында ТЖМ реанимациялық бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, 19 жастағы қызға көмек көрсетті.

⛰ Бүгін Алматы қ. «112» пультіне куәгерлерден тауда 19 жастағы қыз құлап, ауыр бас жарақатын алғаны туралы хабар түсті.
🚑 Жоғары жеделдіктің арқасында бірнеше минут ішінде құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оқиға орнына жетті. Зардап шеккенге ТЖМ реанимобилінде дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
✅ Қысқа мерзім ішінде турист қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, қазір сонда дәрігерлердің бақылауында жатыр.
🎤 Баяндаған ҚР ТЖМ №23 әмбебап мамандандырылған бөлімшесінің бастығы Азамат Оспанов.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


