Атырау облысының Мақат ауданында полиция қызметкерлері соққыға жығылды

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жас азамат қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлерін соққыға жықты. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқыққа қайшы жағдай жұма күні, 3 сәуірде, шамамен сағат 22:00-де болған.
Анықталғандай, азаматтар тобы агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолданған. Нәтижесінде екі қызметкер зардап шекті.
Полиция департаменті оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын және оларға қатысты процессуалдық сипаттағы шаралар қабылданғанын хабарлады.
Ведомствоның мәлімдеуінше, билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлеріне қатысты кез келген құқыққа қайшы әрекеттер заңды өрескел бұзу болып саналатыны және заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелетіні атап өтілді.


