Иран билігі Трамптың 48 сағаттық ультиматумына қатаң жауап берді

Иран билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың екі тәуліктен кейін аяқталатын ультиматумына қатаң жауап берді. Бұл ұстанымды бірден бірнеше ирандық басшы мәлімдеді.
Сенбі, 4 сәуір күні Трамп Иранға АҚШ-пен келісім жасауға 48 сағат қалғанын, әйтпесе қуатты шабуыл жасалатынын еске салды.
Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында ол бұған дейін Иранға «келісім жасау немесе Ормуз бұғазын ашу» үшін он күн бергенін атап өтіп, уақыттың аяқталып келе жатқанын айтты.
Тегеранда ультиматумды қабылдамай, АҚШ президентінің өзіне қатысты қатаң жауап қайтарды.
Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Эбрахим Азизи Трамптың сөзіне жауап ретінде АҚШ президентін және оның сарбаздарын «тозақтың түбіне жіберетінін» жазды.
Иранның жоғары әскери қолбасшылығының өкілі генерал Али Абдоллахи Алиабади АҚШ президентін «агрессивті және соғысқұмар» деп атап, оның Иран инфрақұрылымы мен активтеріне қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ АҚШ тарапынан жаңа соққылар толқыны болса, олардың алдында «тозақ қақпалары ашылатынын» айтты.
Мәтінде айтылғандай, 22 наурызға қараған түні Трамп Тегеранға бұған дейін де 48 сағаттық ультиматум қойған. Ол кезде де Ормуз бұғазындағы блокаданы алып тастауды талап етіп, бұл орындалмаса, америкалық әскерилер Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын ескерткен. Кейін Ақ үй басшысы Иранмен келіссөздерге сілтеме жасап, ультиматум мерзімін бірнеше рет кейінге шегерген.


