Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды

Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды.
Неліктен Екібастұз тізімнен шығарылды Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың дамуына 78 көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді. Бағалау барысында өнеркәсіп, инвестициялар, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және экономиканың тұрақтылығы қарастырылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша, Екібастұз бір ғана қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктің тұрақты төмендеуін көрсетіп отыр. Қала экономикасы неғұрлым теңгерімді болып, салалық құрылымы әртараптанғаны атап өтілді.
Сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің өсуі және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі тіркелген. Бұл қалаға моноөндірістік даму моделінің шеңберінен шығуға мүмкіндік берген.
Моноқалалардың жаңартылған тізімі Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанда 19 моноқала қалды. Тізімге Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтпаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау кірді.
Осылайша, моноқалалар саны 20-дан 19-ға қысқарды.
Бос қалған көшелер, жабылған зауыттар, қаңырап тұрған үйлер — мұндай көрініс бүгінде Қазақстанның кейбір моноқалаларына тән. Бір кездері бұл елді мекендер мыңдаған жұмысшы мен маманды тартқан индустриялық орталықтар болған. Алайда уақыт өте келе қала құраушы кәсіпорындар құлдырап, адамдар жақсы өмір іздеп жаппай көшіп кете бастаған. Ресми статистика деректеріне сәйкес, моноқалалардағы халық саны жыл сайын азаюда. Бұл үдерісті тоқтатуға бола ма деген мәселе де көтеріледі.


