Катар мен Оман Иранмен ықтимал бітім жөнінде келіссөз бастады

Парсы шығанағындағы екі ел — Катар мен Оман — Иранмен ықтимал атысты тоқтату мәселесі бойынша келіссөздерді бастады. Бұл туралы дереккөздерге сүйене отырып хабарланған.
Материалда Катар мен Оманның шенеуніктері осы аптада ықтимал бітімге қатысты байланыс орната бастағаны айтылған. Онда олардың АҚШ пен Израильдің «орасан зор әскери күші» жақын арада Иран үкіметін құлата алмайды деген қорытындыға келгені көрсетілген.
Басылымның мәліметінше, Тегеран «Вашингтон мен Тель-Авив алдымен шабуылдарды тоқтатса ғана өзара іс-қимыл жасайды» деп мәлімдеген.
Бұған дейін Axios порталы АҚШ билігі ықтимал реттеу мәселесін талқылауға кіріскенін жазған. Онда ислам республикасының байланысқа дайын екені туралы АҚШ тарапына Мысыр мен Катар хабарлағаны айтылған. БАҚ дерегінше, Тегеран өтемақы және ұрыс қимылдарының қайта басталмайтынына кепілдік берілген жағдайда кездесулерге келіседі.
АҚШ пен Израильдің ислам республикасына қарсы операциясы 28 ақпаннан бері жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде тараптар бір-біріне соққы алмасып келеді. Тель-Авивте мақсат ретінде Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу аталған. Ал Вашингтон елдің әскери әлеуетін жоятынын айтып, азаматтарды режимді құлатуға шақырған.


