Амир Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің жеңімпазы атанды

Амир Омарханов Тунистегі ITF M15 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы Амир Омарханов (ATP live-рейтингінде 643-орын) Монастирде өткен ITF M15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, ересектер деңгейіндегі кезекті титулын жеңіп алды.
Шешуші матчта Омарханов турнир фавориті, Түркия өкілі Мерт Алкаямен (әлемнің 383-ракеткасы) кездесті. Қарсыласу үш сетке созылып, тартысты өтті: қазақстандық теннисші алғашқы партияда басым түсіп, екіншісінде жеңіліп қалды. Алайда шешуші сетте мінез танытып, кездесуді өз пайдасына аяқтады — 7:5, 1:6, 7:5.
Бұл нәтиже Омархановқа кәсіби мансабындағы төртінші титулын алып келді.
Бұған дейін ол Тунисте жекелей және жұптық разрядтарда турнирлерде жеңіске жеткен, сондай-ақ Испанияның Манакора корттарында жұптық сында титул иеленген.
Читайте также: Казахстанец сенсационно победил девятую ракетку мира в Майами


