Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тауда адасып кеткен адамдарды тауып, көлікке көмектесті

🚨 Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тауда адасып кеткен адамдарға көмекке келді
Алматы облысының Қарасай ауданында ер адам таулы жерде автокөлігімен лайға батып қалған. Эвакуатор шақырғаннан кейін ол құрбысымен бірге оны қарсы алуға шыққан, алайда олар жолдан жаңылып, адасып кеткен.
Көмекке ТЖМ-нің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанды. Құтқарушылар адамдардың орналасқан жерін анықтап, қысқа уақыт ішінде тауып алған.
Одан кейін құтқарушылар автокөлікті қар мен лай аралас массадан шығарып, қауіпсіз жолға шығуын қамтамасыз еткен.
Құтқарылғандар эвакуацияланып, қалаға жеткізілді. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
⚠️ Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




