Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тауда тұрып қалған жүкті әйел мен ер адамды қауіпсіз жерге жеткізді

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары жүкті әйел мен ер адамды құтқарды.

Алматы облысының Қарасай ауданында, Ақсай шатқалында жеңіл автокөлікпен жүрген ер адам мен жүкті әйел таулы жерде тұрып қалған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде жолға шықты. Көклаксай аумағына жеткен соң, олар күрделі таулы рельеф жағдайында, жүруі қиын учаскелер арқылы және қараңғы уақытта жаяу қозғалысты жалғастырды.
⛑️ Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде адамдар табылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін шығарып салды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


