Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып қалған төрт туристі қауіпсіз жерге жеткізді

Алматы облысында ҚР ТЖМ құтқарушылары тауда адасып қалған адамдарға көмек көрсетті.

🏔️ Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданында, «Поляна Терра» ауданында теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте болған. 2008 жылы туған төрт адамнан тұратын топ таудан түсу кезінде бағытын жоғалтып, адасып кеткен.
⛑️ Дабыл түскеннен кейін оқиға орнына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шықты.
Зардап шеккендермен байланыс сақталып, олардың орналасқан жері шамамен Берёзовая роща ауданында анықталды. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер қысқа мерзімде табылды.
✅ Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа шығарып, қалаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


