Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 9-ракеткасы Бен Шелтонды жеңді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы — америкалық Бен Шелтонды жеңді.
Рейтингте 84-орында тұрған Шевченко қарсыласын үш сетте сенсациялық түрде ұтты: 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3.
Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.
Үшінші айналымда Александр Шевченко әлемнің 34-ракеткасы — Франциядан Уго Умбермен ойнайды.
Айта кетейік, бірінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 101-ракеткасы — италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңген.
25 жастағы Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада дүниеге келген және 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингтегі рекордтық көрсеткішіне жетіп, топ-45 қатарына кірді. Ал алдыңғы Үлкен дулыға турнирі — Australian Open жарысында жеке рекордын жаңартып, алғаш рет екінші айналымға шыққан.
Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18,8 миллион долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге) құрайды, ал жекелей сындағы жеңімпаздар 1 миллион 380 мың доллардан ( 555 миллион теңгеден астам) алады.
Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Miami Open турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңген.
Сонымен қатар, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Майамидегі "Мастерс" санатындағы турнирдің екінші айналымынан әрі өте алмай, жарысты аяқтады.


