Елена Рыбакина Miami Open турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін пікір білдірді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Miami Open турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін матчтан соң пікір білдірді.
Бұл кездесу WTA рейтингі жаңартылғаннан кейін әлемнің екінші ракеткасы атанып отырған Рыбакина үшін алғашқы матч болды. Матчтан кейінгі сұхбатта оған әлемдік рейтингтегі екінші орын — мансабындағы ең жоғары көрсеткіш екені айтылып, корттағы көңіл күйі туралы сұрақ қойылды.
Рыбакина өз жауабында кейде ойынды шын мәнінде ұнататынын, алайда қазір физикалық тұрғыдан қиындау екенін атап өтті.
«Иә, кейде мен шынымен де бұдан ләззат аламын. Әрине, қазір физикалық тұрғыдан сәл қиындау. Бар күшіңді салу керек. Кортта бәрі ойдағыдай болғанда қуанамын. Ұсақ-түйек детальдарда өзімді жетілдіруге тырысамын. Әзірге бәрі жаман емес. Шағымданатын ештеңе жоқ, сондықтан келесі матчты асыға күтемін», — деді Елена матчтан кейінгі сұхбатында.
Еске салайық, Рыбакина — Путинцева кездесуі Еленаның пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.
Келесі матчта Рыбакина Украинадан әлемнің 28-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі. Ойын ертең, 22 наурызда өтеді, нақты уақыты кейінірек хабарланатыны айтылды.
Матчтан кейін кортта берген тағы бір сұхбатында Рыбакина Путинцевамен ойындардың әрдайым қиын өтетінін және бүгінгі кездесуде өз подачиының жақсы жұмыс істегенін жеткізді.
«Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, Юлияға қарсы матчтар әрдайым қиын. Бүгін подачамның жұмыс істегеніне қуаныштымын. Сондай-ақ кортқа бейімделуіме біраз уақыт қажет болды. Жеңісіме өте ризамын. Бізді қолдау үшін кешке дейін қалғандардың бәріне рақмет», — деді Елена корттағы сұхбатында.
Сонымен қатар Александр Бублик Майамидегі "Мастерс" санатындағы турнирдің екінші айналымынан өте алмай, Miami Open жарысындағы өнерін аяқтады.


