ТЖМ санитарлық авиациясы Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағытымен екі пациентті шұғыл тасымалдады

ТЖМ санитарлық авиациясы 7 жастағы бала мен 1953 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағыты бойынша әуе кемесімен ұшып шықты.

Шұғыл ұшу қажетті медициналық көмек көрсету және науқастарды бейінді медициналық мекемеге жедел жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.
«Қазавиақұтқару» ұшқыштарының кәсібилігі және медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында ұшу штаттық режимде сәтті өтті.
Пациенттер дер кезінде медициналық мекемеге жеткізіліп, одан әрі емделу үшін дәрігерлерге берілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


