Ұлытау облысында 47 жастағы науқас санитарлық авиациямен Жаңаарқадан Жезқазғанға шұғыл жеткізілді

«Алтын сағаттың» әр минуты маңызды болғанда...

🚨 Бүгін Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданынан облыс орталығына науқасты шұғыл тасымалдау жүргізілді. 47 жастағы ер адамның жағдайының ауырлығы мен жоғары қауіпке байланысты санитарлық авиацияны пайдалану туралы шешім қабылданды.
🚁 Авиациялық техниктер тікұшақты мұқият дайындағаннан кейін, науқас отырған әуе кемесі Жаңаарқадан ұшып шығып, ұзақ қашықтықты еңсеріп, Жезқазған қаласының әуежайына сәтті қонды.
👩⚕️ Науқас жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін жедел түрде бейінді мамандарға тапсырылды. Авиацияның арқасында жолға кететін уақыт бірнеше есеге қысқарып, мұндай диагноз кезінде аса маңызды рөл атқарды.
✅ Құтқарушылар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысы тәулік бойы жалғасуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


