Үш өңірдің ТЖ департаменттері мен «Қазсушар» өкілдері су тасқынына қарсы шараларды үйлестіруді талқылады 🌊

🌊 Үш өңірдің басшылары су тасқынына қарсы шараларды талқылады
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етудің бірыңғай тетігін қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының төтенше жағдайлар департаменттері басшылары мен «Қазсушар» РМК өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу аясында Сілеті су қоймасынан төмен орналасқан су басу қаупі бар елді мекендерге әуеден шолу жүргізілді. Сілеті өзенінің арнасының жағдайы, су өткізу қабілеті және қазіргі гидрологиялық ахуал бағаланды. Сондай-ақ судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет учаскелер анықталды.
Негізгі назар Изобильное, Шалаксор, Күлікөл және Қаратал елді мекендеріне аударылды. Су қоймасынан су жіберу көлемі артқан жағдайда бұл аумақтарда су басу қаупі сақталады. Қауіп аймағында шамамен 100 тұрғын үй орналасқан, онда 400-ге жуық адам тұрады.
Кездесу қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су басу тәуекелдерін азайтуға бағытталған келісілген шешімдер мен қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібі әзірленді.








