Семейде Михаэлис көшесінде шаруашылық құрылысы өртеніп, 63 ш.м. аумақта сөндірілді

Бүгін күндіз Семей қаласында Михаэлис көшесінде шаруашылық құрылысының жануы тіркелді. Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына келген кезде құрылыстың ашық жалынмен қамтылғаны анықталып, жақын орналасқан құрылыстарға өрттің таралу қаупі болған.

🧑🚒 Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол берілмей, өрт 63 ш.м. аумақта толық сөндірілді.
✅ Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


