Акмарал Ерекешева Афинадағы Aphrodite Cup турнирінде көпсайыста алтын жеңіп алды

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасының өкілі Акмарал Ерекешева Афинада (Греция) өткен Aphrodite Cup турнирінде жеңіске жетті.
Ерекешева көпсайыста өнер көрсетіп, жалпы 109,700 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.
Екінші орынға Андреа Вердес (Румыния) тұрақтап, 104.250 ұпай жинады.
Үздік үштікті Дара Стоянова (Болгария) түйіндеп, 103,450 ұпаймен жүлдегер атанды.
Кубок Афродиты — әлемнің түкпір-түкпірінен гимнасттар қатысатын халықаралық турнир. Ол 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Өткен жылы Ерекешева Қазақстан тарихында юниорлар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды. Турнир Софияда (Болгария) өтті.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


