Павлодар облысында құтқарушылар Шандақсор көлі маңында жоғалған жасөспірімді жедел тапты

Павлодар облысында жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздестіру бойынша іздеу-құтқару операциясы сәтті аяқталды.
Бүгін Шандақсор көлі ауданында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 2010 жылы туған жасөспірім сағат 16:00 шамасында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Екібастұз қаласы ТЖБ күштері, оның ішінде кинологиялық есептоп, сондай-ақ полиция қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жасөспірім қысқа уақыт ішінде табылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
⚠️ ТЖМ су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді және ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




