Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктіктен секіріп, кіреберіс тобының шатырын тесіп өтті

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім сымдар арқылы биіктікке көтеріліп, кейін секіріп түсіп, кіреберіс тобының шатырын тесіп өтті.
Оқиға салдарынан 14 жастағы жасөспірім жеңіл жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.
Атырау облысының полиция департаменті жасөспірімнің орталықта ересектердің қарауынсыз болғанын мәлімдеді. Оның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, оқиға болған ТРЦ-дегі қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру үшін уәкілетті органдарға тиісті нұсқама берілді.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Бұған дейін балалардың қандай теріс қылықтары үшін олардың ата-аналары жазалануы мүмкін екені туралы жазылған.
Сондай-ақ: Семейлік жасөспірім араздықты қоздырғаны үшін мерзім алды


