Қарағанды облысында лайға батып қалған төрт көліктегі 18 адам құтқарылды

Қарағанды облысында дала жолында лайға батып, қозғала алмай қалған төрт жеңіл автокөліктегі 18 адам құтқарылды.

112 пультіне Ақтоғай ауданы Айыртас ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан дала жолында төрт жеңіл автокөліктің лайға батып, шыға алмай қалғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде автокөліктер батпақтан тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарылды.
Көліктердің ішінде 18 адам болған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге қажет болмаған.
⚠️ ТЖМ ескертеді: алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, мүмкіндігінше жолсыз жерлермен жүруден аулақ болыңыздар.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


