Қарағанды облысында бұзылған минивэннен 7 адам эвакуацияланды

🚨 Қарағанды облысында бұзылған көліктен 7 адам эвакуацияланды

Түнде Қарқаралы ауданында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 267 шақырымында минивэн бұзылып қалған.
🚗 Көліктің ішінде 9 адам болған, олардың екеуі эвакуациядан бас тартты.
🧑🚒 Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын техникамен қалған адамдарды Қарқаралы қаласына эвакуациялады.
✅ Мәліметке сәйкес, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.
⚠️ ТЖМ алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райын ескеруді ескертеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


