ТЖМ құтқарушылары «Жезқазған–Қызылорда» тасжолында балшыққа батып қалған жүргізушіні эвакуациялады

«Жезқазған–Қызылорда» автожолының 33-шақырымында автокөлік балшыққа батып, тұрып қалған. 🚗
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД күштері жолаушыны қиын өтетін аумақтан эвакуациялап, Жезқазған қаласына аман-есен жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмаған. ⛑️
ТЖМ жүргізушілерге ескерту жасады: күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты дала жолдары мен жол жиегі жүруге қиын болып барады. Осыған орай жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, күмәнді жол учаскелерінен аулақ болу сұралды. ⚠️
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


