Қарағанды облысында вахталық автобус аударылып, зардап шеккендерді эвакуациялауға ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылды. Көлікте 50 адам болған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандарының сүйемелдеуімен 30 адамды Ботақара ауылының ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ” ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


