Жетісу облысында бағытынан адасқан балықшы табылды

Жетісу облысы Сарқан ауданында, Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан Аягөз өзені бойында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 1969 жылы туған азамат табылды. 🗺

Аталған азамат 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, түнгі уақытта бағдарын жоғалтып, жоғалып кеткен. 🎣 Іздестіру барысында оның басқа балықшыларға жақын жерде болғаны анықталды. Оның екі досы өздігімен үйлеріне қайтып кеткен.
Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ПД мен туысқандары жұмылдырылды.
Құтқарылған азаматтың жағдайы қалыпты. Медициналық көмек қажет болмады. ✅
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


