Жаңа туған егіздер ТЖМ тікұшағымен Шарбақтыдан Павлодарға шұғыл жеткізілді

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Шарбақты ауылынан Павлодар қаласына жаңа туған егіз сәбилерді шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен тасымалдады 🚁. Бортта кішкентай науқастарды санавиация дәрігерлерінің бригадасы сүйемелдеді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті ✅. Өткен түні дүниеге келген егіздер медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта мамандардың бақылауында.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


