Нурлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері: Шанхайдағы шоуы тоқтатылды, басқа қалалардағысы да қауіпте

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, қазақстандық танымал комик Нурлан Сабуров сәуір айының басында Қытайда — Пекин, Гуанчжоу және Шанхай қалаларында өнер көрсетуі тиіс болған.
Шанхайдағы концерт тоқтатылғаны айтылды. 4 сәуірге жоспарланған комиктің өнер көрсетуі «ұйымдастырушыларға байланысты емес себептермен» отмена болған.
Сабуровтың Қытайдағы тағы екі концерті жоспарланған: 2-сі күні Гуанчжоуда және 3-і күні Пекинде. Бұл концерттердің де өтпей қалу қаупі бар. Соңғы концертке билеттердің сатылымы әлі ашылмаған, ал іс-шара екі күннен кейін өтуі керек екені көрсетілген.
Берілген ақпаратқа сәйкес, комиктің стендаптарына билеттер бағасы 30 мыңнан 120 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады.
Сондай-ақ, 30 қаңтарда Нурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны айтылды. Ақпан айының ортасында Сабуровқа қатысты тексеру шараларын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастағаны белгілі болған.


