ІІМ Қазақстанда таралып жатқан жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

📢 ІІМ Қазақстанда таралып жатқан жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі кең тарала бастады. Бұл схемада қаскөйлер өздерін компаниялар, мемлекеттік органдар және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады.
📞 Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлермен телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы байланысады. Олар деректердің таралуы немесе қаражаттың ұрлану қаупі туралы айтып, жағдайды әдейі ушықтырады, шұғыл әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым көрсетеді.
⚠️ Бұдан кейін олар азаматтармен «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» байланысатынын хабарлап, олардың нұсқауларын сөзсіз орындауды талап етеді.
💸 Нәтижесінде алаяқтар адамдарды «қауіпсіз шоттарға» ақша аударуға көндіреді. Қаражат түскеннен кейін байланыс бірден үзіледі.
🔒 Қаскөйлер азаматтардың сеніміне кіру және қырағылығын төмендету үшін заманауи технологияларды белсенді қолданады: нөмірді алмастыру, дауысты өзгерту және басқа да тәсілдер.
❗ ІІМ банк пен мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы ақша аударуды ешқашан талап етпейтінін ескертеді.
📌 Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамау, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру және күмәнді жағдайлар туындаса, құқық қорғау органдарына дереу жүгіну ұсынылады.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


