КУИС: Мәжіліс депутаты Даулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты

Мәжіліс депутаты Даулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың түрмеден шыққаны белгілі болды.
Не болды
Комитет уголовно-исполнительной системы (КУИС) редакция сұрауына берген ресми жауабында Нұрасыл Болаттың босатылғанын мәлімдеді.
"Указанный в запросе осуждённый освобождён в связи с полным отбытием назначенного судом срока наказания", – делінген ведомствоның ресми жауабында.
Мәжілісменнің ұлы колонияға қалай түсті
Оқиға 2023 жылғы 11 ақпанға қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат адвокат ерлі-зайыпты Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққан. Жәбірленушілердің айтуынша, олар Болат агрессия танытқан қызға араша түсуге тырысқан.
Кейін төбелес кезінде Болаттың мерзімді әскери қызметтегі сарбаз болғаны және Отардағы әскери бөлімде болуы тиіс екені анықталған.
- 2023 жылғы 9 қазан: әскери сот Болатты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 1 миллион 700 мың теңге айыппұл тағайындады.
- 2024 жылғы 14 мамыр: Жоғарғы сот үкімді өзгертіп, Тұрлыхановтың ұлына екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі.
Тойда байқалып, бас бостандығынан айырылды
Бас бостандығын шектеу және түнгі уақытта ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынғанына қарамастан, 2024 жылғы 14 қазанда мәжілісменнің ұлы тойда байқалған.
Кейін сотта оның басқа да "жарыққа шығулары" белгілі болды:
- 2024 жылғы 14 тамыз: түнгі сағат үште қоғамдық орында болған.
- 2024 жылғы 11 қазан: кешкі уақытта мейрамханада болған.
- 2024 жылғы 12 қазан: түнгі ойын-сауық мекемесінде болған.
Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)
Пробация шарттарын "қасақана өрескел бұзғаны" үшін 2024 жылғы 21 қазанда Медеу аудандық соты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Тұрлыхановтың ұлы сот залында бірден қамауға алынды.
Жазаны жеңілдету әрекеттері
Сол жылдың қарашасында Нұрасыл Болат пен оның қорғаушылары үкімге шағым түсіргенімен, апелляция шешімді өзгеріссіз қалдырған.
2025 жылғы қыркүйекте Нұрасыл Болат жаза мерзімінің қалған бөлігін жеңілірек жазаға ауыстыруды сұраған. Ол түзелгенін айтып, бұл мәселеде прокурор мен жәбірленушілер Черновтар да қолдау білдірген.
Алайда сот оны қамауда қалдырды. Судья бұрынғы "өрескел бұзушылықтарды" еске салып, Болаттың түзелгенін дәлелдей алмағаны туралы қорытынды жасаған. Нәтижесінде ол жазасын толық өтеуге мәжбүр болды. Қазір КУИС деректеріне сүйенсек, ол бостандыққа шыққан.
Читайте также: Дело Нурай: подозреваемого в убийстве вернут в изолятор после принудительного лечения


