Павлодардағы монша кешенінде шыққан өрт сөндірілді

Павлодар қаласы, Павлова көшесіндегі монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама 112 пультіне түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберіліп, кешеннің бу бөлмесінде шыққан өртті жедел түрде сөндіруге кірісті.
Барлау барысында өрт сөндірушілер көлемі 27 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Бөлімшелер келгенге дейін 10 адам өздігінен көшеге шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


