Таразда екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрт қысқа мерзімде сөндірілді

Тараз қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін «112» пультіне келіп түсті.

Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері ғимараттың екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт қысқа мерзімде 150 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


