Таразда дәмхана шатыры өртеніп, ТЖМ бөлімшелері өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді

ТЖМ құтқарушылары ауқымды төтенше жағдайдың алдын алды

☎️ Бір сағат бұрын Тараз қаласының диспетчері Жамбыл даңғылында орналасқан, бес қабатты тұрғын үйге көршілес салынған дәмхана шатырының жануы туралы хабарлама қабылдады.
🚨 Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері жалынның тұрғын қабаттарға таралу қаупіне тап болды. Жедел жүргізілген барлау мен газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуы қысқа мерзімде тоқтатылды.
✅ Көпқабатты тұрғын үй тұрғындары үшін қауіп толық жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебін мамандар анықтауда.
📹 Аман қалған үйдің тұрғындары құтқарушыларға алғыстарын білдірді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


