ІІМ: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралуда

📢 ІІМ Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті. Бұл жағдайда қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады.
📞 Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетіп, жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.
⚠️ Бұдан кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі.
💸 Нәтижесінде алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.
🔒 ІІМ мәліметінше, қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.
❗ ІІМ ескертеді: банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.
📌 Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамау, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


