Жолдардағы цифрлық бақылау: ІІМ құқықбұзушылықтардың жолын кесуді күшейтуде

🔹 Жолдардағы цифрлық бақылау: ІІМ құқықбұзушылықтардың жолын кесуді күшейтуде
Бұған дейін хабарланғандай, процестерді цифрландыру аясында жолдардағы бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтау автоматты режимде — интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік базалар деректері арқылы жүзеге асырылады.
Бүгін Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қозғалысқа қатысушылардың барлығына тең жағдай жасау мақсатында бұл жұмысты жүйелі түрде күшейтіп отыр.
ІІМ сақтандыру полисінің болмауы, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеу жеке құқықбұзушылықтар екенін еске салды.
Қазіргі таңда республика бойынша мемлекеттік дерекқорларды ЕРАП жүйесімен интеграциялау арқылы мынадай құқықбұзушылықтардың жолы кесілген:
— сақтандыру полисінің болмауына қатысты 5 мыңнан астам дерек;
— техникалық байқаудан өтпеудің 5,5 мыңнан астам жағдайы;
— қауіпсіздік белдігін тақпауға байланысты шамамен 700 құқықбұзушылық;
— сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 6 дерегі.
Министрлік мәліметінше, цифрлық шешімдер жолдағы қауіпті әрекеттерді уақтылы анықтауға, ықтимал салдардың алдын алуға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ІІМ жол қозғалысы ережелері сақталған жағдайда ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайтынын атап өтті. Ведомствоның айтуынша, жүйе жазалауға емес, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Азаматтарға заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарау, сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеру, техникалық байқаудан уақтылы өту және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.
❗️ Заң мен тәртіп — әркімнің жауапкершілігі!
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


