Жолдағы цифрлық бақылау: ІІМ жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті

🔹 Жолдағы цифрлық бақылау: ІІМ жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті
Процестерді цифрландыру аясында жолдағы бірқатар құқық бұзушылықты анықтау интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларын пайдалану арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
Бүгінде ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдай қалыптастыру мақсатында бұл жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Ведомствоның мәліметінше, сақтандыру полисінің болмауы, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеу әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатады.
Қазіргі таңда республика бойынша әкімшілік өндірістердің біріңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік деректер базаларының мәліметтерін пайдалану арқылы:
- сақтандыру полисі жоқ 5 мыңнан астам дерек;
- техникалық байқаудан өтпеген 5,5 мыңнан астам дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпауға байланысты шамамен 700 құқық бұзушылық;
- сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегі анықталды.
ІІМ атап өткендей, цифрлық шешімдер жолдағы қауіпті әрекеттерді дер кезінде анықтауға, ықтимал салдардың алдын алуға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ведомство өкілдері жолда жүру қағидалары сақталған жағдайда ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайтынын айтып, жүйенің жазалау үшін емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілгенін жеткізді. Сонымен қатар азаматтарды заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарауға, сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеруге, техникалық байқаудан уақытылы өтуге және жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.
❗️ Заң мен тәртіп — әр азаматтың жауапкершілігі!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


