Тоқаев Қарулы Күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Гусейнов Махсут Курманалиевич Қарулы Күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды;
- Усербаев Баглан Абдижалилович «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Махсут Гусейнов 2024 жылғы қарашадан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарған.
Баглан Усербаев бұған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінде болған.
Бұған дейін Тоқаев Бауыржан Артыковты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатқан еді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


